» » 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

5 шілдеге арналған ауа райы болжамы



Синоптиктер 5 шілде күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жауады және жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Күндіз жел қарқыны 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Дауыл соғып, бұршақ жауады. Жел екпіні - 15-23 м/с.

Алматы облысы, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Күндіз Жамбыл, Павлодар облыстарында найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

05 шілде 2021 ж. 573 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930