» » Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

Ашық су айдындарында шомылып жүрген адамның коронавирус жұқтыруы қаншалықты мүмкін? Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетоваға орталық коммуникациялар қызметінде осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.


"Бүгінгі таңда коронавирустың су қабылдау жолдары арқылы жұғатыны анықталмаған. Яғни, коронавирус су арқылы берілмейді. Бірақ сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды дәл сол су қоймаларында, егер ара қашық сақталмаса, жаппай адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі бар екеніне аударғым келеді. Өйткені коронавирус ауа арқылы таралады. Науқас адам ұсақ ауа тамшыларын шығарады. Бөлшектердің мөлшеріне байланысты ауа көпіршігі ұзақ уақыт ауада қалықтап жүруі мүмкін. Бұл бір шаршы метр аумаққа тым көп адам жиналған жағдайда жұқтыру факторы бар", - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы ПТР кімдерге тегін екенін айтқан болатын.

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен ПТР тестілеу тегін өткізілетін адамдардың 12 санаты бекітілген. Бұл клиникалық белгісі бар, науқаспен байланыста болған, жүкті адамдар. Басқа тұлғаларға тегін ПТР тест қарастырылмаған. Вакцинация тегін, ПТР тест мемлекет бюджетінен қаржыландырылмаса да, қазақстандықтардың вакцинация мен ПТР тестің біреуін таңдауға құқығы бар", - деді комитет басшысы.
08 шілде 2021 ж. 145 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031