» » Қазақстанның 10 өңірі "қызыл" аймаққа енді

Қазақстанның 10 өңірі "қызыл" аймаққа енді

9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетсек, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда қандай жағдайда локдаун енгізуі мүмкін екенін айтқан болатын. 
09 шілде 2021 ж. 133 0