» » Шекарада тағы атыс: бір адам қаза болды

Шекарада тағы атыс: бір адам қаза болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада болған тағы бір қарулы қақтығысты тексеруге кірісті. Осы оқиға кезінде  27 жастағы қырғыз шекарашысы оққа ұшты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ресми мәліметке сәйкес, атыс 8 шілде күнді кешкі сағат бестің кезінде Чашмагильдан асуына жақын жерде болған. Қырғызстанның шекара қызметі қарулы қақтығысты тәжік әскерилері бастады деп отыр.

"Шамамен, сағат 17:00-де Қырғызстан Республикасының атпен жүретін шекарашылар жасағы Баткен облысы Лейлек ауданындағы Наумин асуының маңайында шекара бойымен қызмет атқарған. Ал Чашмагильдан асуының жанында Тәжікстан шекарашылары кенеттен шабуыл жасады. Жарақат алған адамдар бар", - делінген Қырғыстанның шекара қызметі таратқан ресми хабарламада.

Артынан атыс кезінде жарақат алған қырғыз шекарашысы Хуснидин Хожиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Тәжікстанның шекара қызметі осы оқиғаның мүлдем басқаша басталғанын мәлімдеді. Қырғызстан әскерилер шекараны бұзып қана қоймай, атысты өздері бастаған.
09 шілде 2021 ж. 509 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930