» » Белгісіз біреулер Тәжікстан шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам өлді

Белгісіз біреулер Тәжікстан шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам өлді

Қарулы топты жою бойынша арнайы операция кезінде бір милиционер мен бір шекара қызметкері қаза тапты
Сәрсенбіге қараған түні тәжік-өзбек шекарасында шекара бекетіне шабуыл жасаған он бес қарулы содыр оққа ұшты, тағы бесеуі ұсталды.   
Душанбе қаласынан 60 километр жерде орналасқан "Султанабад" жасағының №4"Ишкобод" шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) шекара әскері басқармасына сілтеме жасап.

Барлық мүшесі бетперде киген бандалық топ бес автомат қаруын қолға түсірген. Дегенмен шабуылдаушыларды шекарашылар мен милиция қоршап алды.

"Қауіпсіздік күштері жүргізген операцияның нәтижесінде қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды", - деп хабарлады ҰҚМК баспасөз қызметі.

Атыс кезінде күш құрылымдарынан екі адам – шекарашы мен полиция қызметкері қаза тапты.
Сол екі арада Өзбекстан шекара қызметі бұл шабуыл туралы білетіндерін айтып, тәжік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, жағдайды реттеп жатқандарын мәлімдеді.
Тәжікстанның Өзбекстанмен мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1,33 мың километрден асады.   

sputniknews.kz
06 қараша 2019 ж. 765 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30