» » "Су астынан іздеп тапты": СҚО-да шекара қызметкері жүкті әйел мен баласын құтқарып қалды

"Су астынан іздеп тапты": СҚО-да шекара қызметкері жүкті әйел мен баласын құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстанда шекара қызметкері апатты көпірден құлап кеткен бала мен оның анасын құтқарып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

kopir
Оқыс оқиға Уәлихан ауданының Бидайық кентінде болды. 5 жасар бала мен анасы арықтан көпір арқылы өтпек болады. Көпірдің ортасына келгенде көпір тақтайшасы сынып, бала суға құлап кетті. Анасы ойланбастан баласының соңынан суға ұмтылды. Олар екеуі бірге суға тұншыға бастады. Олардың бақытына орай жақын маңда шекара қызметкері Сергей Гайдай жүрген. Ол суға батқандарға көмек көрсетті. 
Сергей "Бидайық авто" Петропавл шекара отрядының әскери қызметкері. 
"Сергей арық жағасында көлігін жуып жатқан. Осы уақытта айқайлаған дауысты естиді. Екі оқушы қыз оған суға батқан адамдарды нұсқайды. Сергей суға сүңгіп барғанда әйел баласын көрсетеді. Ол судың ортасында баласы барын түсініп, су астынан іздеп табады. Анасын да, баласын да су бетіне шығарады", - дейді шекара қызметкерлері.
Суға шыққан соң шекарашы балаға алғашқы көмек көрсетіп, жасанды дем береді. Жүрегіне тікелей массаж жасайды. Осыдан соң бала тыныс ала бастайды. Сергей екі емес, үш адамды құтқарып қалды. Себебі аман қалған әйелдің жүкті екені белгілі болды. 
2002 жылы осы көпірден аман қалған әйелдің 27 жастағы ағасы құлап, мерт болған екен. 
Тұрғындар көпірде үнемі оқыс жағдай болатынын айтады.

stan.kz

04 маусым 2019 ж. 850 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 681

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031