» » Түн. Шекара. Қайықтағы екеу

Түн. Шекара. Қайықтағы екеу

Астана, BAQ.KZ. 24 қараша жұмадан сенбіге қараған түні, сағат 00:00 шамасында көрші елден келе жатқан «шақырылмаған қонақты» алдымен шекара сақшысының иті сезген.


Иттің белгі берген жағына түнде көретін дүрбімен шекарашы трансшекаралық Шу өзенінен біздің елге қарай өтіп келе жатқан қайықты көреді. Қайықтағы екеудің бірі біздің жағаға түсіп қалып, түн қараңғылығына сіңіп кетеді де, екіншісі сол қайықпен қайтадан Қырғызстан жаққа бет алған.

«Шекара сақшысының берген мәліметі бойынша дабыл белгісімен көтеріліп, оқиға болған жерге келіп жеткен дабыл тобы шекара бұзушыны қолға түсірді. Түн ішінде заставаны дүрліктерген 33 жастағы қазақстандық әйел болып шықты. Құқық қорғау орындары құлақтандырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.


Baq.kz
26 қараша 2018 ж. 822 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930