» » Қарағандылық сарбаз шекара бекетінде көз жұмды

Қарағандылық сарбаз шекара бекетінде көз жұмды


Қарағандылық сарбаз Қазақстан мен Түркіменстан аралығындағы шекара бекетінде көз жұмды.

Ресми нұсқа бойынша, ол ишемиялық аурудан мерт болған. Алайда туыстары оған сенбейді, деп хабарлайды Sputnik.
Әскери қызметкер Бақытбек Мырзамбек 15 шілдеде мерт болды. Ол «Үстірт» заставасына жаңадан барған. 30 маусымда ағасымен соңғы рет сөйлескен. Ағасының айтуынша, ол кезде көңілді болыпты.
«Ол спортқа жақын адам еді. Денсаулығына шағымы жоқ еді. Дайындығы жақсы болды, біз хабарласқанда ешнәрсеге шағым айтпайтын», – дейді ағасы Арман.
11 шілдеде Бақытбек өзін нашар сезініп, есінен танып құлаған. Арманның айтуынша, заставадағылар медициналық көмек көрсетпеген.
«Бізде екі нұсқа бар. Бұл бұйрыққа қатыссыз әрекет не улану. Оның денесінде көгерген із бар. Ол 11 шілдеде ауырғанын айтқан. Жүрегі айныған. Ол жақта улану да жиі болады. Суы таза емес. Ол 4 күн бойы жатқан. Командир қайда қараған? Олар жазылып кетеді деп ойлаған. Егер дер кезінде көмек көрсетсе, тірі болатын еді. Застава басшылығы салғырт қараған деп ойлаймын», – дейді ағасы.



Stan.kz 
31 шілде 2018 ж. 733 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930