Әкесі және ағасымен бірге: Қазақстандық танымал блогер ӘЧ-ге бара жатқан жолда мерт болды (фото)
6 шілдеде Ресейдің Челябинск облысының Сим қаласының маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам мерт болды. Анықталғандай, көлік ішінде қазақстандық танымал блогер Сұңқар Килаж, оның әкесі мен немере ағасы болған.
Бұл туралы Ura.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетіпті.
Оқиға орнына құтқарушылар жеткен. Олар көліктегі өртті сөндіргеннен кейін, салоннан 3 адамның мүрдесін тауыпты.
Белгілі болғандай, автокөлік ішінде желіде Stence лақап атымен жазып жүрген қазақстандық танымал блогер Сұңқар Килаж, оның әкесі мен немересі ағасы болған.
Олар футболдан Әлем чемпионатын тамашалау үшін, Ресейге бара жатқан екен.
Stan.kz

Пікір 2