» » Қазақстанда қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайды

Қазақстанда қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайды

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасына қатысты болжам жасады.

«Біз үнемі бағаны қадағалап отырамыз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,8%-ға өсуі байқалса, екінші деңгейлі үйдің бағасы 7,2%-ға көтерілді. Ал маусым айында бұл көрсеткіш екінші деңгейлі үйлерге 1,2%-ға, ал жаңа баспанаға 0,9%-ға артқан», – деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде.

Ол күзге қарай тұрғын үй бағасының тұрақталуы күтілетінін айтты. 

«Біз маусым-шілде айларында бағалар тұрақтануы керек деп жоспарлап отырмыз. Бағаның өсуі зейнетақының бір бөлігін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныстың жоғарылауымен байланысты болды. Менің ойымша, бізде маусым-шілде айларында бағаның тұрақтануы байқалады. Менің жеке болжамдарым бойынша, қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайтын болады”, – деп қорытындылады вице-министр.
12 шілде 2021 ж. 521 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930