Министрлік: Жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар

Есмағамбетова жұмыскер вакцина алса немесе жеті күнде бір рет ПТР анализін тапсыратын болса, жұмысқа қайта оралуына болатынын айтты. "Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, қызметкер өз әрекеті немесе әрекетсіздігінен айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, жұмыс беруші оны жұмыстан шеттете алады. Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ, вакцина алмаған жағдайда қызметкер аптасына бір ПТР тест тапсыруына да болады", - деді комитет басшысы.
Сонымен қатар, ол вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар 7 күнде бір рет ПТР тест тапсыруға міндетті емес екенін айтты, ал вакцина алмағандар тапсыруы керек. Айта кетейік, 2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 776 755 адам, 2-ші компонентін 2 661 833 адам салдырды.
stan.kz