Міндетті вакцинация Конституцияға қарсы келмей ме? Әділет министрлігі түсіндірді
Әділет министрлігінде COVID-19-ға қарсы міндетті вакцина салудың құқықтың негіздерін айтып, норманың неліктен ел Конституциясына қарсы емес екенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство деректеріне сәйкес, инфекциялық және паразиттік аурудың таралуы және пайда болуын ескерту мақсатында Денсаулық кодексінде көрсетілгендей, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі профилактикалық екпе салу.
Медициналық қарсы көрсетілімі жоқ және ел аумағында тұрақты тұратын адамдар Кодекстің 85-бабы 4 және 8-бөлігіне сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпе алуы қажет. Оның қатарына 2020 жылдың 24 қыркүйегінде билік қаулысына сәйкес коронавирусқа қарсы екпе де енгізілген.
«Осылайша қарсы көрсетілімі жоқ адамдарға коронавирусқа қарсы міндетті вакцина салдырудың құқықтық негізі бар және конституциялық нормаға сәйкес «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» (Конституцияның 31-бабы). Адам құқығы мен бостандығына кепіл бере отырып, мұндай шектеулердің шегін белгілейді және Конституция шектеудің болуы мүмкін екенін де теріске шығармайды. Құқық пен бостандық адамдардың денсаулығы, құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабы 1-бөлігі)», – деп мәлімдеді министрліктегілер.
Еске салайық, вакцина салуды министрліктегі мемлекеттік қызметкерлерге енгізген еді. Тізімге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі барлар ғана қосылмады. Вакцина алмаған жұмысшыларды 1 мамырдан бастап қашықтан жұмыс істеуге жіберген. Ал жұмысқа келу үшін өз қаржысына ПТР-сынама тапсыруға міндеттелді.
2 шілдеден бастап барлық жұмысшылар вакцина алуы қажет мекемелердің кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізімге базарлар, сұлулық салондары, дәмхана мен мейрамханалар, қызмет көрсету орындары мен адам жаппай жиналатын орындар қосылған.