» » Қызылордада эпидемиологиялық ахуал күрделенуде

Қызылордада эпидемиологиялық ахуал күрделенуде



Аймақта соңғы тәулікте 127 дерек анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Ауруға шалдыққандардың ішінде жаңа туылған нәрестеден бастап еңкейген қарияға дейін бар. Мәселен жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі балалар арасында 765 дерек тіркелсе, оның 211-і шілде айының 18 күнінде анықталды. Әсіресе бір жасқа толмаған нәрестелердің ауруханаға түсуі алаңдатып отыр. Бұған дейінгі штамм адамдарда симптомсыз түрде өтіп келген болса, үнді мутациясының клиникалық белгілері бірден байқалуда. Сол себепті карантиндік шараларды сақтаңыздар. Әрбір адамның денсаулығы өзінің қолында»,-деді Әлия Мүтәліпқызы.
19 шілде 2021 ж. 751 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31