» » Гүлшара Әбдіқалықова: Құрбан айт – мейірімділікке, қайырымдылыққа шақыратын ұлық мереке

Гүлшара Әбдіқалықова: Құрбан айт – мейірімділікке, қайырымдылыққа шақыратын ұлық мереке

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Қадірлі облыс тұрғындары! Құрметті мұсылман қауым!

Сіздерді қасиетті ҚҰРБАН АЙТ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы күнді барша мұсылман қауымы асыға күтіп, ізгілікті амалдар жасауға тырысады. Өйткені, бұл мерекеде тек құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысқа, мұқтаж жандарға, жалғызілікті қариялар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болмақ.

Құрбан айт мерекесі – діні мен ұлтына бөлмей, барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, мейірімділікке, қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке.

Қадірлі әлеумет, соңғы екі жылда еліміз әлемдік пандемия індетімен күресіп, зардабын тартып келеді. Короновирус инфекциясы түрленіп, жаңа штаммдар пайда болуда.

Бұдан сақтану үшін санитарлық тәртіпке бағынып, сақтықты күшейтіп, сабыр сақтап, індеттің таралуына жол бермеу аса маңызды. Осы ретте, биылғы қасиетті айт күндеріндегі барлық шараларды мүмкіндігінше отбасы шеңберінде өткізулеріңізді сұраймын.
Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін!
Құрбан айт құтты болсын!
20 шілде 2021 ж. 136 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930