» » COVID-19: 1 қазаннан бастап дәрігерлерге үстемеақы төленбейді

COVID-19: 1 қазаннан бастап дәрігерлерге үстемеақы төленбейді


Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейтінін айтқан болатын.

«Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды» – деп жазады «Хабар 24» телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.

Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.

Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды. 
21 шілде 2021 ж. 417 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 028

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30