Аудан ардагерлері екпе салдырды
Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев бастаған бірқатар ардагерлер ерікті түрде екпе алды. Денсаулықтың қадірін білген ардагерлер аудан тұрғындарын вакцина қабылдауға шақырды.
-Қиын-қыстау кезеңде бірліктің үлгісін көрсетіп, тәртіпке бағынып, індетке жұмыла қарсы тұру біздің бірлігіміздің қаншалықты екенін көрсетеді. Тұрғындар мамандардың, медицина қызметкерлерінің еңбегін жоққа шығармай, карантиндік ережелерде көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, демеу білдіріп, қолдау көрсетуге тиіс. Сын сағатта тас түйін, біртұтас елдің үлгісін көрсету керек. Өйткені бірге көтерген жүк жеңіл болады. Бірлік бар жерде тірлік те бар. Ал ауызбіршілікпен жасалған кез келген істің нәтижесі тек жақсылық болмақ, - деді Садық Әлиев.
Көп жылдар бойы әр түрлі салада еңбек етіп, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер осылайша өзгелерге үлгі көрсетті. Қазір өте қиын кезең. Барлығымыз бірдей дәрігерлердің кеңесіне құлақ түруіміз керек. Біз де вакцина салдырамыз деп шештік. Екпе өзімізді және жақындарымызды қауіпті аурудан сақтайтынына сенеміз. Аға буын өкілдері жастарға үлгі болуы керек дейді ақсақалдар.