» » Оқушылар да мектепке Ashyq қосымшасымен кіре ме? Білім министрі жауап берді

Оқушылар да мектепке Ashyq қосымшасымен кіре ме? Білім министрі жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ashyq қосымшасы мектептерде қалай қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Ashyq жүйесімен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар бар. Бұл қосымшаны мектепте кім қолданады? Қолданушылар: қызметкерлер, мұғалімдер, ал балабақшаларда баланы алып келушілер болуы мүмкін. Бұл іс-шара ең алдымен үлкендерге бағытталған. Университеттерде студенттер тексеріледі. Әзірше оқушылар жайында сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Оны болашақта уәкілетті органдармен бірге талқылайтын боламыз. Ересектерді қамту қажеттігін түсінеміз, әрі қарай да назарда ұстаймыз", - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді. Ал білім алушының сыныптастары немесе студенттің бір топтағы курстастары толықтай қашықтан оқу форматына көшіріледі.

Айта кетсек, Қазақстанның мектептері мен ЖОО-лары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беруге қайта оралады. 
11 тамыз 2021 ж. 252 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930