» » Анасы мәжбүрлеген: Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызбен кездескен шенеунік ұсталды

Анасы мәжбүрлеген: Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызбен кездескен шенеунік ұсталды

Кәмелетке толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен шенеуніктің ұсталғаны туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Былтыр Ақтөбе облысында педофилияға қатысы бар деген күдікпен шенеунік ұсталды. Ол 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Ең сорақасы бұл әрекетке қызды анасы мәжбүрлеген", - делінген министрдің Қазақстан Республикасы судьяларының "Zanger" журналындағы мақаласында.

Ішкі істер министрінің ақпаратына сүйенсек, күдікті қамауға алынды. Қызын жезөкшелікке тартқан анаға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Министр соңғы бес айда кәмелетке толмағандарға қатысты мыңнан аса қылмыстың тіркелгенін айтты. Ол әрбір екінші қылмыс үйде жасалатынын атап өтті. Кәмелетке толмағандардарға қатысты жыныстық зорлықтың 70 проценті де баланың сеніміне ие болған жақыны тарапынан жасалады. Олардың қатарында туған және өгей әкесі, туыстары, көршілері мен таныстары бар.

ERNUR.KZ
12 тамыз 2021 ж. 768 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031