» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

19 қарашада облыс әкімдігінің «Ахуалдық орталығының» мәжіліс залында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын бейнеселекторлық байланыс режимінде ұйымдастырылды.

Комиссия отырысына Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Ыдырыс қатысты. Басқосуда «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытындағы  профилактикалық шаралар», «Суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету кезінде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмінің іске асырылуы», Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мәдениет және өнер мекемелеріне қолжетімділігі туралы», «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың  есебі», «Қызылорда облысының полиция департаментінің  ұсыныстары» мәселелері қаралды. Облыстағы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың орны алу себептері, қазіргі ахуал, атқаруға тиісті ұсыныстар бойынша  облыс прокурорының бірінші орынбасары Т. Әлібаев талдау жасады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Е. Жукашев   кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған есептегі адамдар туралы мәліметтерді жариялау және оны жариялаудан алудың тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ  суицид мәселесі бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сәбит Бексеитұлы, мәдениет және өнер мекемелерінің білім беру ұйымдарымен байланысы туралы  Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева  Нұршат  Бегежанқызы хабарлама жасады.
Комиссия отырысында Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жалағаш ауданы әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды. Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.
                                                                                     
Жұмысшы орган
24 қараша 2020 ж. 273 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930