» » Ashyq-пен кіру – смартфон ұстамайтын зейнеткерлер қайтпек?

Ashyq-пен кіру – смартфон ұстамайтын зейнеткерлер қайтпек?

Бұған дейін БАҚ-та Ashyq қосымшасы жоқ кейбір қарт адамдардың азық-түлік дүкендеріне кіре алмайтыны жазылған еді.

Ashyq-ты аша алмайтын қарт адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға жеке куәлікпен кіре алады, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Ashyq қосымшасы жоқ кейбір қарт адамдардың азық-түлік дүкендеріне кіре алмайтыны жазылған еді. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға Ashyq қосымшасы болмаса, жеке куәлікпен кіруге болатынын хабарлады.

Ashyq жобасына қосылған нысандарға смартфондағы мобильді қосымша арқылы кіруге болады, ол болмаған жағдайда нысан өкілі жеке куәлік арқылы келушінің мәртебесін "қарауыл" режимінде сканерлейді. Жеке куәліктің көмегімен қарт адамдар Ashyq нысандарына, оның ішінде азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және басқа жерлерге бара алады, делінген хабарламада.

Алматының санитарлық дәрігерлері осы әңгімені айта отырып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенін қоса айтып үлгерді: тамыздың соңғы екі аптасында коронавирус жұқтырғандардың 22%-ы егде жастағы адамдар екенін ескертті олар.
13 тамыз 2021 ж. 373 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930