» » Қызылордада су тапшылығын алдын алу мақсатында 93 дана насос орнатылды

Қызылордада су тапшылығын алдын алу мақсатында 93 дана насос орнатылды



Сыр дихандарының тіршілік нәрі су тапшылығы кезінде қолда барды ұқсатып, қажырлы қарекет жасаудың нәтижесінде, биылғы жылы егілген 83,6 мың гектар күріш алқабын толығымен ораққа түсіріп, одан жоғары өнім алу жоспарлануда. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылғы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару барысында көптеген қиыншылықтар болды. Қашыртқыдан су алып, насос арқылы қайтадан егістікке су беру технологиясы тиімді қолданылды. Нақты жасалған шаралардың арқасында күріштің судан қалу көлемі орын алған жоқ.

Осы жұмыстарды жүргізу үшін облыс бойынша Сырдария  өзеніндегі су тапшылығы салдарынан егілген егісті вегетациялық кезеңге судан қалдырмау мақсатында облыс бойынша барлығы 93 дана су тартатын насос қондырғылары пайдаланылды.

Айта кету қажет, «GoldenBridgeTuran» компаниясымен бірге «Қазақ ғылыми-зерттеу институты» 175 гектарға күрішті көшеттеп егу әдісі арқылы жұмысты бастады. Бұл жоба өнімділікті арттыруға және суармалы суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, су үнемдеу мақсатында биылғы жылы егілген күріш көлеміне себілген тұқымдардың 14%-ына қысқа мерзімде пісіп жетілетін жергілікті «Сыр сұлуы» күріш сорты себілді.
13 тамыз 2021 ж. 339 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930