» » Балжан Шәменова: Оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз

Балжан Шәменова: Оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова Саяхат мөлтек ауданындағы 348 орынға шақталған «Ұлағат білім ордасы» жеке мектебінің құрылыс алаңына барды.

“Nur Otan” партиясының жол картасы аясында бой көтеріп жатқан білім нысанының сапасына баса назар аударған облыс әкімінің орынбасары кемшіліктер орын алмас үшін білім басқармасының басшысына барлық талаптарға сай болуын қадағалауды тапсырды.

«Қоғамдық көлік схемасы оқушылар мен ата-аналары үшін тиімді болу керек. Себебі оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз. Сонымен бірге, жаңа оқу жылының қарсаңында уақытылы пайдалануға беруіміз қажет», — деді Балжан Мөрәліқызы.

Еске сала кетейік, Саяхат мөлтек ауданының тұрғындары осыған дейін мектеп тапшылығының зардабын тартып келген болатын. Тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі негізінде заман талабына лайықталып салынып жатқан бұл мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
15 тамыз 2021 ж. 276 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930