Облыс әкімінің Мақпалкөлдегі сапары ауыл мектебінде жалғасты
Облыс әкімі Мақпалкөлдегі алма бақ жұмысымен танысқаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауылдағы білім ошағына барды. Мұнда құрылысшылармен кездесіп, барынша сапаға мән беру қажеттігін назарға салды.Ауылдық елді мекенге аймақ басшысының іс-сапары барысында ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев Гүлшара Наушақызына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Сондай-ақ ол осыған дейін жол сапасын жақсарту мақсатында ауылда бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізіп, биыл қолға алынатын жобаларды да тілге тиек етті.
«ЖЖ» ақпарат







