» » ҚАРҚЫНДЫ ІС – ҚАРЫШТЫ ДАМУДЫҢ АЙҒАҒЫ

ҚАРҚЫНДЫ ІС – ҚАРЫШТЫ ДАМУДЫҢ АЙҒАҒЫ



Биыл ауданға тартылған инвестициялық жоба көп. Бұл жобалардың жалпы құны 45 млрд теңгені құрайды. Осы жылы көрсетілген қаржының 29 млрд-қа жуығы бөлінді. Бұл қаржыға не істеледі, нендей шаруа тындырылады? енді соны тарқатып көрелік.

Биылғы жылдың еншісінде аудан әкімдігінің жаңа ғимараты тұр. Бұл ғимараттың құрылысы қарқынды түрде жүруде. Мердігер – «Real Story Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда тиісті қаражаттың жартысы аударылды. Құрылыс жұмыстары қалған қаржының берілуіне байланысты аяқталып қалады. Құрылысы басталған аудандық аурухананың жалпы құны 4 млрд 57 млн-нан аса теңгені құрайды. Ауқымды жұмысты құрылыс саласындағы тәжірибелі компания – «Әбу-Сер» ЖШС қолға алып, келесі жылы ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр. Осыған дейін М.Шәменов ауылындағы апаттық жағдайдағы білім беру ошағының қайта салынуына қаржы қаралған болатын. Енді бұл ауылда жаңа мектеп салынуда. Құрылысы жүріп жатқан 140 орындық мектептің жалпы құны 689,4 млн. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады деп күтілуде.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында да қыруар шаруа атқарылуда. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысан­дардың қатарында аудандық орталық кітапхана бар. Жоба-сметалық құны – 52,9 млн теңге. Сонымен бірге №201 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары да осы айдың аяғында аяқталмақ. Жаңа оқу жылында оқушылар жаңа, талапқа сай, күрделі жөндеуден өткен ғимаратта білім алатын болады. Кенттегі қуаттылығы 30 МВт, жалпы құны 19 млрд құрайтын «Күн электростанциясының» құрылысы жүруде. Бас мердігер – «Metka KZ EGN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Айта кету керек, бұдан бөлек Жалағаш кентіне газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы, елді мекендердің электр желілері мен құрылғыларын күрделі жөндеу, жеке қаражат есебінен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, аудандық орталық мешіт құрылысы, орталық монша, қонақ үй кешені, Еңбек ауылын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жол жайына келсек, кентішілік көшелерді жөндеу, асфальттау жұмыстары күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Аудан бойынша екі жүзден аса көшенің 66,8 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Осыған орай кенттегі 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге құжаттар әзірленді. Былтыр облыстан 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге бөлінді. Жұмыс жасалды, жол жөнделді. Нәтижесінде Бұқарбай батыр, Абай және Нысанбай жырау көшелері жөнделуде. Сонымен қатар «Са­мара-Шымкент-Есет батыр-Жаңа­да­рия» бағытындағы автомобиль жо­лы­­­­­­ның 8 шақырымы жөн­делді. Ал «Са­­­­­ма­ра-Шымкент-Мәде­ниет-Мақпалкөл-Жа­ңаталап-Аққыр» тас жолы­ның оңтүстік кол­­лектор көпірін жөн­деу­ге 288 млн теңге бөлінді.
Ауданға қарасты елді мекендерде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұ­мыс­­тары жүйелі түрде жүзге асуда. «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламасы ая­сын­да 9 елді мекенге қайта жаңғырту жұмыс­тары жүргізілді. 2018 жылы «Өңір­лер­ді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағ­дар­­ламасына» сәйкес М.Шәменов, Мыр­забай ахун ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қолға алынды. Осы жылы құрылыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ осы бағдарламамен өткен жылы Аққыр, Жаңадария, Мақпалкөл елді мекендерін ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына республика, облыстық бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осы жылы Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекенін ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда Қаракеткен ауылдық округі, Далдабай елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы ілкімді істер мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы бір-екі жылдың көлемінде игілікке берілетін жобалар жос­парланып отыр. Кенттегі қатты-тұр­мыстық қалдықтар полигонын салу қолға алынды. Оған жергілікті бюд­жеттен қаржы бөлінді. Мердігер – «Проект Сервис» ЖШС. Сонымен қатар Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінде салынатын 3 бөлмелі 30 тұрғын үй құрылысы жобасын қаржыландыруға тиісті құжаттар тапсырылды. Бұдан бөлек қазіргі білім бөлімінің ғимараты бұзылып, орнына 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі салынбақ. Жобаның құрылысына қажетті қаржыға сметалық құжаттар дайындалып, облыс­тық бюджетке жолданды. Келер жылы ауданның шетіне бассейн салынбақ. Бұл үшін жоба-сметалық құжаттары әзір­ле­нуде.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
20 тамыз 2019 ж. 734 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031