» » Күн электр станциясы: Қуатты арттырар жарқын жоба

Күн электр станциясы: Қуатты арттырар жарқын жоба

Бұған дейін Жалағашта күн электр станциясының салынатынын айтқан болатынбыз. Енді болжамдық құны 12 млрд теңгені құрайтын жарқын жобаның құрылысы басталғанын сүйіншілеп отырмыз. Тіпті, құрылыс жұмыстарының күзеті үшін Жалағаштың азаматтары да тартылыпты.
Өткен жылдың маусым айында бұл жоба бойынша Европалық даму банкі атынан «ЭкоСоцио­­Аналистс» компаниясымен тұр­ғындар арасында әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 2018 жылдың 10 шілдесінде жобаның қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша ашық түрде қоғамдық тыңдау өткізіліп, қолдау тапқанын да айта кеткен жөн.
Бұған дейінгі жазған мақа­ламызда аудандық кәсіп­керлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет кенттің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жоспарланғанын айтқан болатын.
– Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер телімі табысталды. Жобаны Греция мемлекетінен ТОО METKA-EGN KZ компаниясы ұтып алған. Қосымша мердігер «COM KZ» ЖШС екенін айта кетейік. Қазіргі уақытта қоршаулау жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанды күзету үшін «Алим Секьюрити» ЖШС күзет агенттігімен келісім шартқа отырған. Күзет мекемесі аудан тұрғындарынан 25 адамды жұмысқа қабылдайтын болады, – деген еді аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Аудан әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасында қазір күзет мекемесіне 20 адам жұмысқа тартылғаны, алдағы уақытта да жергілікті халық өкілдерін жұмыспен қамту көзделгені жазылған.

Е.СОЗАҚБАЕВ.

04 маусым 2019 ж. 667 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930