» » КҮН сәулесі – БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ТИІМДІ КӨЗІ

КҮН сәулесі – БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ТИІМДІ КӨЗІ

Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен­ қазаққа Жаратқан ен байлықты үйіп берген.­ Бұл аймақтан, тіпті, Менделеевтің кестесіндегі барлық элемент табылады. Табиғат-ананың өзі халқымыздың өсіп-өркендеуін тілеп отырғандай көрінеді маған. Біз туған мекен Сыр өңірінде күннің аптап ыстық болатынын дүйім жұрт жақсы біледі. Оның егінге мол пайдасы бар. Көзін тапқанға күн энергиясы – сарқылмайтын қазына. Ал, Жалағашта осы қазынаға қол жеткізу мақсатында үлкен жобаны жүзеге асыру жұмыстары бастау алды.
Аудан әкімінің ел алдындағы есепті жиынын­­да Жалағашта күн электр станциясы салы­натын­дығынан хабардар болдық. Сол жиында отырған жұртпен бірге біз де қуандық. Халықты разы қылған жаңалықтың мән-жайын білу мақсатында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбетке жолыққан едік. Бөлім басшысы Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жоспарлануда екенін айтты. Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі екен.
– Аталған жоба Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығымен «жаңартылған энергия көздерін пайдалану жоспарына» енгізілген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 гектар жер учаскесі табысталды. Қазіргі уақытта «АлматыПроектЭнергоСтрой» ЖШС жобалық-сметалық құ­­­жат­­­тарын дайындап, сараптамаға ұсынды, – де­ді ау­дандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлі­мінің басшысы.

Аталған жоба екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі Жалағаш кентінен қуаттылығы 30 МВт күн сәулесі электр станциясы құрылысын салу болса, екіншісі – 30 МВт күн сәулесі электр станциясын қазіргі пайдаланудағы 220 кВ подстанциясына қосу.
Мамандардың айтуынша, жобаның болжамдық құны 19 млрд теңгені құрайды екен. Өткен жылдың маусым айында бұл жоба бойынша Европалық даму банкі атынан «ЭкоСоциоАналистс» компаниясымен тұрғындар арасында әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 2018 жылдың 10 шілдесінде жобаның қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша ашық түрде қоғамдық тыңдау өткізіліп, қолдау тапқанын да айта кеткен жөн.
Бұл жобаның аудан үшін үлкен маңызы бар. Жо­ба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге, жергілікті бюджетке жылма жыл 150 млн теңге көлемінде кіріс кіреді деп болжалуда. Бұл өз кезегінде ауданның әлеу­меттік-экономикалық дамуына оң септігін ти­гі­зетіні сөзсіз.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.
29 қаңтар 2019 ж. 1 463 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930