» » КҮН СӘУЛЕСІ САРҚЫЛМАС ЭНЕРГИЯ

КҮН СӘУЛЕСІ САРҚЫЛМАС ЭНЕРГИЯ

Енді, өзімізде өндірілген электр энергияның игілігін көретін күн алыс емес. Жуырда өңірде қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев қоғамдық қабылдау жиыныңда мәлімдеді.
Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы. Аталған жоба сәтті жүзеге асса, ең алдымен өңірдің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізбек. Өзгеге тәуелділіктен арылып, тариф бағамын реттеуге де мол мүмкіндік туады. Осы мәселені жан-жақты талқылаған меймандар электр станция салынан орынды көріп, одан шығатын қуат көзімен танысты.
– Әлемнің озық мемлекеттері жасыл эканомикаға көше бастады. Біздің ел де осыған аяқ басып келеді. Міне, енді жасыл энергия Жалағашқа келгелі тұр.  Ең бастысы, экалогиялық қауіпсіздігі зерттеліп, тиімділігі анықталса, болашағы жарқын жоба деп білемін, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің Садық Әлиев.
Айта кеейік, бұл станцияның құрылыс жұмыстарын жүргізуге инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр. Станция салуға кенттің шығыс аумағынан 164 гектар жер телімі бөлініпті. Күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылып, станция іске қосылғаннан кейін мұнда шамамен 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Н.ҚАЗБЕКОВ

13 шілде 2018 ж. 1 307 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30