» » КҮН КӨЗІ – САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

КҮН КӨЗІ – САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

Біз туған мекен Сыр өңірінде күннің аптап ыстық болатынын дүйім жұрт жақсы біледі. Оның егінге мол пайдасы бар. Көзін тапқанға күн ­энергиясы – сарқылмайтын қазына. Ал, Жалағашта осы қазынаға қол жеткізу мақсатында үлкен жобаны жүзеге асыру жұмыстары бастау алды.
Мамандардың айтуынша, жобаның болжамдық құны 12 млрд теңгені құрайды екен. Өткен жылдың маусым айында бұл жоба бойынша Европалық даму банкі атынан «ЭкоСоциоАналистс» компаниясымен тұрғындар арасында әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 2018 жылдың 10 шілдесінде жо­ба­ның қоршаған ортаға әсерді бағалау бойын­ша ашық түрде қоғамдық тыңдау өткізіліп, қолдау тапқанын да айта кеткен жөн.
Күн электр станциясы бойынша жасалып жатқан жұмыстың мән-жайын білу мақсатында аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбетке хабарласқан болатынбыз. Бөлім басшысы Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жоспарланғанын айтты.
– Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер телімі табысталды. Жобаны Греция мемлекетінен ТОО METKA-EGN KZ компаниясы ұтып алған. Қосымша мердігер «COM KZ» ЖШС екенін айта кетейік. Қазіргі уақытта қоршаулау жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанды күзету үшін «Алим Секьюрити» ЖШС күзет агенттігімен келісім шартқа отырған. Күзет мекемесі аудан тұрғындарынан 25 адамды жұмысқа қабылдайтын болады, – деді аудандық кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Бұл жоба екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі Жалағаш кентінен қуаттылығы 30 МВт күн сәулесі электр станциясы құрылысын салу болса, екіншісі – 30 МВт күн сәулесі электр станциясын қазіргі пайдаланудағы 220 кВ подстанциясына қосу.
Бұл жобаның аудан үшін үлкен маңызы бар. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге жергілікті бюджетке жылма жыл 150 млн теңге көлемінде кіріс кіреді деп болжалуда. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң септігін тигізетіні сөзсіз.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

14 мамыр 2019 ж. 1 204 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930