ЖАҢАДАРИЯЛЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауылдық елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Жаңадария ауылында болған аймақ басшысы ауыл халқымен кездесіп, өткен жылы жаңартудан өткен ауыз су жүйесімен танысты.
Жалпы Жалағашта ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту шаралары қарқын алуда. Жыл сайын тозығы жеткен трубалар мен құрылғыларды жаңалауға бюджеттен қыруар қаржы қаралып, халық оның игілігін көріп жатыр. Ауданнан шалғай жатқан Жаңадария ауылында да былтыр «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жаңартылған ауыз су жүйесі пайдануға берілген болатын. Кездесуде жергілікті тұрғындар соңғы жылдары ауылдық елді мекенге қолдаудың қарқын алғанын жеткізіп, аймақ басшысына алғыс білдірді.

Айта кетейік, Жаңадария ауылында мұнан бөлек қазіргі таңда облыс тайқазанынан қаралған 100 млн теңгеге электр желілерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін жел тұрып, жауын жауса әуре-сарсаңға түсетін ауыл халқы енді бұл мәселеге алаңдамайды. Ауыл ішіндегі орталық көшелердің біріне де толық жарық жүргізілді. Кездесу соңында Қуаншыбек Досмайылұлы бірлік пен берекесі қатар артқан жаңадариялықтарға табыс тілеп, ауылдық елді мекендердің жағдайын жақсартуға алдағы уақытта да қолдау болатынын назарға салды.