» » АУЫЗ СУ ЖАЙЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

АУЫЗ СУ ЖАЙЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ


Әр аймақтың экономикасының дамуы жолында мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, бүгінде ел игілігі үшін жүзеге асырылуда. Бұл бойынша ауданымызда түрлі мәдени демалыс орындары, тұрғын үйлер бой көтерсе, су жүйелері мен жолдар жөнделуде.

Биыл өңірде «сүйіншілейтін» ілкімді істер көп. Әсіресе ауыз су мәселесінің бір жолға қойылуы көңіл қуантады. Бірнеше ауылда ауыз су жүйесі жаңғыртылып, жуырда іске қосылмақ.
Жауапты мекемелердің мәліметінше, бүгінде аудан бойынша кентті, барлық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Мәселен, 2015-2016 жылдары Бұқарбай батыр ауылындағы су құбырлары қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Мемлекеттік «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламалары аясында тоғыз ауылдық округте қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. 2017 жылы Қаракеткен елді мекенінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Өткен жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» сәйкес М.Шәменов, Мырзабай ахун ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қолға алынды.
Осы бағдарлама шеңберінде өткен жылы Аққыр, Жаңадария, Мақпалкөл елді мекендерін ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына республика, облыс қазынасынан қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүруде. Мамандардың айтуынша, бұл ауылдардағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.
Осы жылы Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекенін ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Қаракеткен ауылдық округі, Далдабай елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, халық игілігі үшін қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға елді мекен тұрғындары ризашылықтарын білдіруде. Бұл ауылдар­да бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталған жағдайда, ауыл тұрғындары тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.


Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

17 тамыз 2019 ж. 554 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30