» » Ауыз судың ахуалын айтсақ...

Ауыз судың ахуалын айтсақ...

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік жасау­да біздің елімізде тұрақты жұмыстар жақсы атқарылуда. Адамның негізгі сұраныстарының бірі де осы. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд адам ауыз суға толық жете алмай отыр екен. Ал республика бойынша, оның ішінде Сыр бойындағы халық үшін таза судың мәселесі ара-тұра болмаса, шешімін тапқан саланың бірі десек те болады.
Жалағашта «Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі деп аталатын мекеме бар. Аудан көлемінде 15 елді мекенді, атап айтқанда, аудан орталығынан бөлек, Ақсу, Аққұм, Аққыр, Аламесек, Бұқарбай батыр, Жаңаталап, Жаңадария, Еңбек, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мырзабай ахун, Мәдениет, М.Шәменов және Таң елді мекендеріне су жеткізетін бірден-бір коммуналдық орын. Есептеп қарасаңыз, 6461 тұрғын үй немесе 32 мыңнан астам адамды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы жалғыз ұжым осы ғана екен.
Аталған мекеменің атқарған ісі көп-ақ. Өткен екі жылдың аясында «Өңір­лерді да­мытудың 2020 жылға дейінгі бағдар­ла­ма­сына» сәйкес Қаракеткен, М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүр­гізіліпті. Аталған бағдарлама арқылы былтыр Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл ел­ді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаң­ғырту жұмыстары басталып, биылғы жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, биыл Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлінген.
– Қазір Жалағаш кенті және Ақсу, Аламесек, Еңбек, Бұқарбай батыр, Жаңаталап, Таң, М.Шәменов, Қаракеткен елді мекендеріне тәулік бойы үздіксіз 24 сағат ауыз су таратылуда. Ал, Аққұм, Мәдениет, Мырзабай ахун елді мекендеріне тәулігіне 8-10 сағат, Аққыр, Жаңадария, Мақпалкөл ауылдарына тәулігіне 3-6 сағат ауыз су беріледі, – дейді өндірістік бөлімше басшысы Нұржан Бекетов.
Байқағанымыздай, кентішілік су құ­бы­ры бойындағы қысымды бақылау және тұрғындардың үздіксіз ауыз сумен қам­тама­сыз ету мақсатында манометрлік зерттеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Былтыр апатты деп танылған Нысанбай жырау көшесінің бойындағы ұзындығы 810 метрді құрайтын құбырға жасалған күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталған. Сондай-ақ, биыл Өмірбай шешен, Нысанбай жырау, Жүргенов және Шоңбай ақын көшелерінің су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін қаржылық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінімге енгізіліпті.
Тағы бір маңызды жайт, ауыз суды үнемдеу мақсатында тұрғындарға күнделікті тұтынар суды тек қана есептеу құралы арқылы пайдалану қажеттілігі үнемі хабарланып отырады. Сондай-ақ, бөлімшеде арнайы құралды орнату үшін бригада жасақталып, қажетті жұмыстарды өз деңгейінде атқаруда. Нәтижесі жаман емес. Оған мысал, 2017 жылғы көрсеткіш бойынша тұрғындарға ор­на­тылған есептеу құралы 10 процентті ғана құраса, былтыр ол көрсеткіш 28 процентке шыққан. Биыл бригаданың тынбай еңбек етуінің арқасында көрсеткіш саны артып, бүгінде 68 пайыз тұрғын есеп­теуіш құрал орнатқан. Өндіріс бөлімшесі әлі де тұрғындарға рейд жұмыстарын ұйым­дастырып, ауыз суды пайдалану туралы тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізуден жалыққан емес.
Алдын ала жөндеу және техникалық күтім жасау жұмыстарын кестеге сәйкес атқаратын бөлімше қызметкерлері су сапасын тұрақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, көктем және күзгі мезгілінде санитарлық қыз­мет­керлерімен бірлесе, барлық ішкі су тарату жүйелеріне және су сақтау қоймаларында залалсыздандыру жұмыстарын атқарып, қатаң қадағалап тұр. Апаттық жағдай орын алғанда да арнайы бригада өз жұмысына тиянақты.

Ержан ҚОЖАСОВ.

05 ақпан 2019 ж. 928 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930