БҮГІН ЖАҢАДАРИЯ, АЛАМЕСЕК, ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
14-18 қаңтар аралығында Жалағаш ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен бірге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының және аудан әкімінің халық алдындағы жоспарланған есебіне сәйкес бүгін Жаңадария, Аламесек, Еңбек ауылдық округінде кездесу өтті.
Есеп беру кездесуде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың, Жаңадария, Аламесек, Еңбек ауылдық округтерінің әкімдері Ғ.Жанашевтың, Н.Опабековтың, Қ.Қалдановтың және учаскелік полиция инспекторларының есептері тыңдалды.
Жаңадария ауылында 2018 жылы жеке кәсіпкердің демеушілігімен А.Құнанбаев көшесіне аялдама салынып, пайдалануға берілгендігі,
ауылдық округ бойынша 37 дана электр тарату бағанасы ауыстырылғандығы айтылды.
Сонымен бірге, ауыл әкімі: «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы арқылы елді мекенге ауызсу жүйесінің бірінші кезеңі жүргізілді, 2019 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. “Өңірлерді дамыту 2020” бағдарламасы арқылы 1,000 млн теңгеге А.Құнанбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. №203 орта мектеп бойынша “Мектепке жол” акциясы аясында ауылдық мекемелер мен шаруашылық төрағаларының, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен 10 оқушыға 45 000 теңге қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп құралдарын сыйға тартты. Елді мекендегі 2 азық-түлік дүкені ғимаратының нысаналы мақсаты өзгертілді, – деді өз есебінде.

Ал, Аламесек ауылында 17 шаруа қожалығы, 2 өндіріс копперативі, 3 ауыл шаруашылығы копперативі жұмыс атқаруда. 2018 жылы шаруашылықтар бойынша 2005 гектар күріш, 65 гектар картоп, 58 га жаздық бидай, 38 гектар көк өніс, 65 гектар азық-түлік бақшалары, 461 га ескі жоңышқа, 381 га жаңа жонышқа егілді. Жеке отбасыларында 1833 мүйізді ірі қара, 584 жылқы, 2710 қой-ешкі тіркелген. Ауылдық округтегі барлық МІҚ малдары сырғаланып, тиісті құжаттар беріліп, дерек қорына енгізілген.
Шаруашылықтар қала, аудан көлемінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдері жәрменкелеріне тұрақты қатысады.

Сондай-ақ, Еңбек ауылдық округінде өткен жылы ауылдың бірден-бір проблемалық мәселесіне айналған ескі балабақша ғимараты ауыл көркін бұзып тұрған болатын. Ауыл әкімінің ықпалымен жұмыс жасалып, қазіргі уақытта ескі балабақша ғимараты толықтай бұзылған.
Биылғы көркейту айларында «Еңбек Жер» ЖШС-і ауыл әкімімен бірлесіп, "Мүсірәлі баба" мешітінің ауласына 300 түп жеміс ағаштарын отырғызып, күтімге алынған.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 2 млн теңге қаралып, қоғамдастық жиынының келісімімен "Сырбай ата" көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Ғани Мұратбаев тұйығы қоғамдастық жиынының шешімімен «Ынтымақ» көшесі болып қайта атау берілген.
Кездесу соңында жиылған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.