БҰҚАРБАЙ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
14-18 қаңтар аралығында Жалағаш ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен бірге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының және аудан әкімінің халық алдындағы жоспарланған есебіне сәйкес 14 қаңтар күні Бұқарбай батыр ауылдық округінде кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жүргізіп отырды.
Есеп беру кездесуде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың, Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі Сағат Байділдаевтың және учаскелік полиция инспекторының есептері тыңдалды.
Кездесуде “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған” бағдарламасы аясында Бұқарбай батыр ауылдық округі тұрғындары арасынан кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар 25 азамат тіркеліп, барлығы дерлік “Бизнес-Бастау” және “Бизнес-Кеңесші” жобалары бойынша қысқа мерзімді оқу курстарын аяқтады.
Ауылдық округ бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 122, жұмыс жасап тұрғаны – 115, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны –7. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерді пайызға шаққанда 95,0%-ды құрайды. Жылдық жоспарда мемлекеттік салық басқармасына тіркелу межесі 14 болса, қазіргі таңда 21 кәсіпкерлік субъектісі кірістер басқармасына тіркеліп орындалуы 150,0 % - ды құрады.
2018 жылы Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 23 кәсіпкер 447,9 млн теңгеге қаржыланды.
Атап айтатын болсақ:
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа ауылдық округ бойынша 4 жоба ұсынылып, ЖК “Бакыт” Бекжанова Бакыткуль Едиловнаның “Құс шаруашылығын дамыту” (тауық өсіру) жобасы 300 мың, ЖК “Шұғыла” Света Сүлтанова “Құс фермасын ашу” (үйрек) 500 мың теңге қаржыға қайтарымсыз несие негізінде қаржыланып, бизнес жобаларына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы шеңберінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы ауылдық округ бойынша барлығы 6 жоба 16 млн теңге несие алып қаржыландырылды.
“Микробизнес – Қызылорда” бағдарламасы аясында 8 жоба 20 млн теңгеге қаржыландырылды. Бағдарламалар бойынша қаржыландырылған кәсіпкерлерге 18 адамнан тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылды.
“Ауыл Несие Серіктестігі” ЖШС арқылы «Егін шаруашылығы» бағыты бойынша 4 жоба 47 млн 500 мың теңге қаржыға несие алды.
Жиылған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.