ҚАРАКЕТКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
14-18 қаңтар аралығында Жалағаш ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен бірге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының және аудан әкімінің халық алдындағы жоспарланған есебіне сәйкес 14 қаңтар күні Қаракеткен ауылдық округінде кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жүргізіп отырды. Аталмыш шараға Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов және бірқатар аудандық мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Есеп беру кездесуде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың, Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қайрат Өлментайдың, учаскелік полиция инспекторының міндетін Мұрат Бекмырзаевтың есептері тыңдалды.
- 2018 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы Далдабай елді мекенінің орталық көшесіне 400 метр тас төселіп, күрделі ағымдағы жөндеуден өтті. Ауылдық округ ауыз сумен қамтылған. "Далдабай" елді мекеніне ауызсу жүргізудің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім тапсырылды, - деді ауыл әкімі есебінде.
Жиылған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.