» » М.ШӘМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ

М.ШӘМЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
14-18 қаңтар аралығында Жалағаш ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен бірге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының және аудан әкімінің халық алдындағы жоспарланған есебіне сәйкес 14 қаңтар күні М.Шәменов ауылдық округінде кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жүргізіп отырды.
Есеп беру кездесуде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың, М.Шәменов ауылдық округінің әкімі Ғ.Есжановтың және учаскелік полиция инспекторының есептері тыңдалды.
Кездесуде әлеуметтік сала бойынша жыл басында аз қамтамасыз етілген отбасы оқушы­ларына «Қайырымдылық» акциясы ұйымдас­тыры­лып, «Мега-Агро» ЖШС «Мектепке  жол»  акциясына 150 000 теңге көлемінде қаржы бөліп, әл-ауқаты аз қамтамасыз етілген отбасының 20 баласына спорттық киім мен оқу құралдарын алып берді. Шараға ауылдық мекемелер де өз үлесін қосып, аталған санаттағы балаларға демеушілік көрсетті.
«Мега-Агро» ЖШС жазғы демалыс уақытындағы балалардың облыс, республика көлеміндегі лагерлерге демалып-тынығуына 207 мың теңге (11 балаға) көмек көрсетті. Сонымен қатар, мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан 80 оқушыға мектеп жанынан құрылған «Самал» тынығу лагеріне екі ауысымға демалуына, ыстық тамағына 200 000 теңге, мектеп құралдарына 43000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілгендігі айтылды.   
Жиылған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
14 қаңтар 2019 ж. 634 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930