» » Облыс әкімі спорт кешенінің жұмысымен танысты

Облыс әкімі спорт кешенінің жұмысымен танысты

Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызының Жалағаш ауданына жұмыс сапары Мәдениет ауылдық округінде жалғасын тапты. Облыс әкімі іс-сапар барысында тіректі елді мекендегі спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Бұл ауылдағы балалар спорттың бірнеше түрінен чемпион атанған. Оны аудан, облыс тұрғындары баспасөз беттерінен, теледидар жаңалықтарынан, әлеуметтік желілерден күнделікті көріп, біліп, сүйсініп отыр. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан спорт кешенінде жаттыққан жастардың көбісі қазіргі таңда дүбірлі додаларда топ жарып келеді. Заман талабына сай салынған спорт кешенінде балаларға өздері таңдаған спорт түрлерімен еркін жаттығуға мол мүмкіндік туды. Қазірде көптеген тәжірибелі жаттықтырушылар келешек Олимпиада чемпиондарын дайындап жатыр. Расында, бұл жерден әлемді мойындатқан спортшылар шығатынына күмәніміз жоқ.
Аймақ басшысының тіректі елді мекендегі сапарында ауылдық елді мекендегі спорт кешенінің жұмысымен ауыл әкімі Өмірсерік Әбдіхалықов пен спорт кешенінің басшысы Берікқазы Әуесбаев таныстырды.
Айта кетейік, соңғы жылдары Мәдениет ауылдық округінде әлеуметтік нысандар көптеп бой көтерді. Қазіргі таңда олардың барлығы халықтың игілігіне жарап тұр. Елді мекендегі барлық көшеге асфальт төселген. Жергілікті шаруашылықтар да ауылдың әлеуетін арттыруға мол үлес қосуды бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді.

«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 359 0