» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кеше ҚР Парламенті мәжілісінің бірқатар депутаты ауданымызда болып, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар жұмысымен танысты. Алдымен «Ер-Әлі» шаруа қожалығының дән себу рәсіміне қатысқан халық қалаулылары шаруашылық жұмысына сәттілік тіледі. Шаруашылық төрағасы Әліби Бекжанов алдағы жоспарымен бөлісіп, жыл сайын мұндағы техникаларды жаңарту жұмыстары қарқын алып жатқанын жеткізді.
Мұнан кейін депутаттар Әліби Бекжановтың «Құрманбай ата» қожалығында болып, алма бақ жұмысымен де танысты. Алты гектар алқапқа алма ағаштарын орналастырған іскер азаматтың жұмысына меймандар жоғары баға берді. 2-3 жыл бұрын қолға алынған жоба бүгінде жемісін беруде.
Халық қалаулылары мұнан кейін Мәдениет ауылына атбасын бұрды. Жақында ғана тіректі елді мекен статусын алған бұл ауылда соңғы жылдары әлеуметтік зәулім нысандар көптеп бой көтерді. Олардың ішінде спорттық кешен, мәдениет үйі мен балабақша да бар. жаңа нысандардың жұмысымен танысқан олар бүлдіршіндер мен спортқа бейімделген жастардың талабына сәттілік тіледі.
Мәжілісмендер мұнан кейін Еңбек ауылдық округінде болып, «Еңбек Жер» шаруа қодалығының төрағасы Шакизатхан Ысқақовтың үлкен сауда орыны мен мейрамхана жұмысына қанықты. Мұнан кейін халық қалаулылары ауылдық елді мекендегі жеке кәсіпкердің жылыжай жұмысымен де танысты. Бірқатар ауылдық елді мекенде болған олар ауданда үлкен жобалардың қолға алынып жатқанын айтып, бұл жарқын жобалардың бастамасы болсын деген жылы лебізін білдірді.
03 мамыр 2019 ж. 946 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031