жалағаштың алмасы ҮЗІЛГЕН ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫ
Өңірде өміршең жобалар кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлік алға жылжып, ауылдарда төрт түліктің басы көбейді. Енді жергілікті тұрғындар жылыжай мен алма бақ шаруашылығын қолға алып, жергілікті өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.
Өңірдегі «Құрманбай ата» шаруа қожалығының иесі Еркін Бекжанов 5 гектар жерге 12 мың 900 түп алма ағашын отырғызып, туған жерді түлетуде. Бір кездері алмасымен аймаққа әйгілі болған Мақпалкөл ауылдық округінің қайтадан алмалы өңір атанатын күні алыс емес.
«Құрманбай ата» ШҚ көп жылдан бері егіншілікпен айналысады. Нәпақасын адал еңбекпен тауып отырған ағайынды Бекжановтар ауылдың әл-ауқатын көтеруге тер төгіп жүр. Енді, олар Жүргенов ауылы маңынан 5 гектар жерді тазартып, өз қаржысы есебінен алма көшеттерін отырғызды. Айта кету керек, жобаның жалпы құны – 20 млн теңгені құрайды.
– Кеңес үкіметінің кезінде барлық ауылда алма бақ болған. Біздің ауылда да үлкен 20 гектар алма бақ бар еді. Осыны қайта қолға алуды көздедік. Біздің жер құнарлы. Құдай қаласа, жылына 130-150 тонна алма жемісін өндірсек деген жоспарымыз бар, – дейді шаруа қожалығының иесі.
Қазір мұнда 4 гектарға күздік, қалған жерге жаздық алма егілді. Алма бағында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар жеміс ағашын суғарып, күтіп-баптау жұмыстарын жүйелі жүргізетін болады. Шаруашылық сондай-ақ, алдағы уақытта осы аумақтан жылыжай кешенін салып, халықты табиғи өніммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
– Мақсатымыз – елдегі жұмыссыздықты жою. Осы елде туып-өскеннен кейін, ауылды дамытуға жұмыс жасауымыз керек. Өзім 2000 жылы шаруашылықты 20 гектардан бастағанмын. Қазір, жалпы көлемді 1500 гектарға жеткіздік. Күріштен түскен пайдаға жаңадан өндіріс орындарын ашуға жұмыс жасап келеміз. Егіс науқаны аяқталғаннан соң, шаруашылық тарапынан 20 сотық жерге жылыжай кешенін салуды көздеп отырмыз, – дейді «Ер-Әлі» ШҚ төрағасы Әліби Бекжанов.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
Пікір 3