» » өрісті малға толтырған

өрісті малға толтырған

Қазір, мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бағдарламалар зор мүмкіндік беріп отыр. Мұны тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары төрт түлікті көбейтіп қана қоймай, ет, сүт бағытындағы экологиялық таза өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Осы игі бас­таманы қолға алғандардың бірі – Аққұм ауылының тұрғыны Нұрболат Абдраманов.
Нұрболат жастайынан төрт түлікті баптап, мал жайғаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Ауыл баласы уақыт өте мал басын көбейтіп, оны асылдандыру жайын қарастырып, ойлаған мақсатына мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізді.
Аққұм ауылында жайылымдық жер мол болғандықтан мал басын арттыруға мүмкіндік бар екендігін ескерген ол «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы пайыздық үстемесі жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бұл қаржыға қорасын малға толтырып, ірі қараны асылдандыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі ширата түсті.
– “Мал баққанға бітеді” деген ата-бабамыз әу бастан төрт түлікті көбейту жайын жақсы білген. Сондықтан, қазақ даласында тұяқты малдың саны өте көп болды. Міне, қазіргі таңда осы ата кәсіпті қайта жандандыруға барлық мүмкіндік жасалған. Тіпті, тиісті мамандарға барып, кеңес алсаңыз да сізге кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретіп, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу тетігін көрсетеді. Тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге жәрдемдескен мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылда өз кәсібін бастаушылар көбейіп келеді, – деген Н.Абдраманов мұнан соң, бастаған кәсібін одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Ол өткен жылы ауыл іргесінен 75 гектар жер алып, фермер қожалығын құрыпты. Меншігіндегі 58 бас сиырды асылдандыру бағытында еліміздің басқа өңірінен ақбас асыл тұқымды бұқа алдырды. Мал асылданбай өнім молаймайтынын білген іскер азамат әлі де ірі қара басын арттыруды көздеп отыр.
Бордақылау бағытындағы жылқылары да жарақты. Оның еті жергілікті тұрғындар мен аудан орталығындағы базарларға үлестіріледі екен.
– Мал жарақты болу үшін қора-жай жылы, азығы құнарлы болуы шарт. Сонда ғана мол өнімге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бір малды 3 ай бағамыз. Нақтырақ айтсақ, олар балаша күтімді қажет етеді. Оны төрт түліктің ебін білген азаматтар жақсы түсінеді. Қазіргі таңда бордақылау жұмыстарымен қоса, сүт өндіруді де қолға ала бастадық, – дейді кәсіпкер.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
24 сәуір 2018 ж. 1 133 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930