» » «СЫБАҒАДАН» СЫЙ, «ҚҰЛАННАН» ҚОЛДАУ ТАПТЫ

«СЫБАҒАДАН» СЫЙ, «ҚҰЛАННАН» ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Елбасының бастамасы болған “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары төрт түлікті түлетіп, шаруасын дөңгелендіремін деген ағайынға зор мүмкіндік. Әсіресе, мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін көтеруді көздейтін “Сыбаға” бағдарламасының маңызы зор. Осындай қолдаудың арқасында мүйізді ірі қара малының ет өнімділігін арттырып, еттің құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеген шаруалардың қатары жылдан жылға артып келеді. Мәселен, аймақта “Сыбаға” бағдарламасы аясында өткен жылы 70 шаруашылық 2507 бас сиыр, 119 бас бұқа сатып алған. Бұл ретте жоспар 119,4 процентке орындалған. Ал, “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 11 шаруашылық 1633 бас қой, 167 бас қошқар алынса, “Құлан” бағдарламасы негізінде 673 бас жылқы және 56 бас айғыр сатып алынып отыр.Сыбағадан өз сыйын алғандардың бірі, Қармақшы ауданына қарасты Т.Көмекбаев ауылдық округіндегі “Нұрислам” ЖК-сы. Кәсіпкер Нұрболсын Алдамжаров мемлекетіміз ұсынған “Сыбаға” бағдарламасының арқасында өткен жылы “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-дан 13,6 млн теңге несие алады. Нәтижесінде асылтұқымды 4 ақбас бұқа, 80 бас сиыр алған. Қазіргі күні сиырлардың алды бұзаулап жатыр. Шаруа иесі мал басын көбейтіп қана қоймай, алдағы уақытта бордақылау жұмысын қолға алмақ. Сондай-ақ, ет, сүт өнімдерімен өзі орналасқан елді мекенді қамтамасыз еткісі келеді. Одан бөлек, ауыл сыртынан үлкен қоражай салуды жоспарлап отыр. Әзірге қожалықта 4 адам жұмыс жасауда. Шаруашылықтың ауқымы кеңейсе, жұмысшылар санының артатыны анық.  
Жалпы өңіріміздің  түкпір-түкпірінде Нұрболсындай өз кәсібінің қыр-сырына қаныққан, еңбегінің жемісін көріп отырған атпал азаматтар қатарының көбеюі көңілге қуаныш ұялатады.
2011 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бұл бағдарлама бойынша Қармақшы ауданында өткен жылы 5 шаруа қожалығы 42,1 млн теңге несие алған. Яғни бағдарлама аясында 233 бас аналық сиыр, 10 бас бұқа сатып алынып отыр. Сонымен қатар, өз қаражаттары есебінен 5 шаруа қожалығы да ақбас асылтұқымды бұқа алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда. 2017 жылы аудан шаруалары үшін қолайлы жыл болды. Өйткені, аталған бағдарламадан бөлек, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы барлық ауылшаруашылық кооперативтеріне  600,5 млн теңге несие беріліп, 3206 бас мүйізді ірі қара алынған. Оның ішінде сүт бағытында – 804 бас, ет бағытында – 2402 бас ірі қара. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндіктер әрбір шаруаға ыңғайлы жағдай туғызуда. Былайша айтқанда, бойында күш-қайраты бар, қолында барлық құрал-сайманы сақадай сай тұрған, қоражайы түп-түгел шаруа үшін «Сыбаға» бағдарламасының берері көп-ақ.
Ал, “Құлан” бағдарламасы Қамбар ата тұқымын көбейтемін деген жандар үшін жақсы мүмкіндік. Қазіргі күні жылқы ұстап, мал басын асылдандыруға ден қойған шаруалар қатары көптеп кездеседі. Бағдарламаның мақсаты да осы, жылқы асырауды қолға алғандарға қаржылай қолдау көрсету. Әдетте, қасиетті жануарды бағу өзге түліктерге қарағанда өте қиын. Себебі, жаз бойы сыртта жүретін түлікті үнемі бақылауда ұстау керек. Мұндай машақаты көп жұмыс адамнан табандылықты талап етеді. Десе де, жылқы шаруашылығынан табысын еселеп, кәсібін гүлдендіруде қажырлы еңбек етіп жатқан Жосалы кентіндегі “Алмат” ШҚ иесі Нұраддин Шоқбаровты айтуға болады. 2009 жылдан бері жылқы мен түйе бағуды кәсіп еткен шаруа иесі “Құлан” бағдарламасының игілігін көруде. 2017 жылдың басында “Қорқыт елі” несие серіктестігі арқылы 6,7 млн теңге несиеге 2 бас асылтұқымды айғыр, 24 бас бие алса, тамыз айында 14 %-пен 12,3 млн теңге алып, 1 бас түйенің аталығы мен 15 бас аналығын және 2 бас асыл тұқымды айғыр, 24 бас бие алып, түлік санын арттырды. Әзірге санын арттырумен айналысып отырған шаруа болашақта халықты қымыз, шұбатпен қамтуды қолға алмақшы.
Жалпы алғанда елімізде агросекторды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Біз айтқан жұмыстар бұған  бірден-бір дәлел. Мұндай бағдарламалар бар да “Сыбағадан” сый алып, “Құланнан” қолдау тапқандардың қатары ұлғаймаса, азаймайтыны сөзсіз. Сондықтан  игі бастама аясында  шаруа жұмысы шайқалмаса екен дейміз.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
13 ақпан 2018 ж. 1 634 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 08:47
Cialis Zulassung cialis 5 mg Zithromax Long Qt Cialis Prezzo Piu Basso

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 05:26
Cialis Comprimidos Amoxicillin And Amox Tr Over Counter Viagra Alternative п»їcialis Wellbutrin Otc Substitute

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930