» » ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСА БАСТАДЫ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСА БАСТАДЫ

Тіректі ауылдардың ішінде көркейіп келе жатқаны – Мәдениет. Халық саны жөнінен де алда тұр, экономикалық әлеуеті де жоғары. Ауыл ішіндегі барлық көшелер асфальтталды. Екі жыл бұрын жаңа ауылдық клуб үйі, спорт кешені және балабақша ғимараты халық игілігіне пайдалануға берілді. Осындай заманға сай жаңарып, көркейген ауылда өсіп келе жатқан жастардың да осал болуға қақысы жоқ. Әсіресе, бұл ауылдағы балалар спорттың бірнеше түрінен чемпион атанған. Оны аудан, облыс тұрғындары баспасөз беттерінен, теледидар жаңалықтарынан, әлеуметтік желілерден күнделікті көріп, біліп, сүйсініп отыр. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Мәдениет ауылындағы филиалы жоғарыда айтқанымыздай, екі жыл бұрын жаңа ғимаратқа көшті. Жұмысы да жүйеленіп, ширай түсті. Заман талабына сай салынған спорт кешенінде балаларға өздері таңдаған спорт түрлерімен еркін жаттығуға мол мүмкіндік туды. Қазірде көптеген тәжірибелі жаттықтырушылар келешек Олимпиада чемпиондарын дайындап жатыр. Расында, бұл жерден әлемді мойындатқан спортшылар шығатынына күмәніміз жоқ. Оған кеше тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биылғы жыл – "Еріктілер жылы" болып жарияланды. Еріктілер жылында "Nur Otan" партиясы мен жастар бірлесіп ел келешегі үшін маңызы бар көптеген жаңа жобалар мен тың идеяларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл бастамаларға мемлекет және пар­тия тарапынан мейілінше жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның бір дәлелі – өт­кен аптаның соңында "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалына қарасты Мәдениет ауылдық округінде "Жастар – Отанға" партиялық жобасы аясында ерік­тілер жасағының ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараға Мәдениет ауылындағы мекеме қызмет­кер­лерінен құралған барлығы 11 команда бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті. Жарысқа "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, "Жалағаш аудан­дық жастар ресурстық орталығы" КММ директоры, аудандық мәслихат депутаты Ерхан Бақбергенұлы және №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Мәде­ниет ауылдық филиалының дирек­торы Берікқазы Әуесбаев қатысты. Коман­да­лар­ды бір-бірінен айырып қарауға бол­майды, кілең сайдың тасындай іріктел­ген ойыншылар. Қай команданың да шабуылы мен соққысы қандай қуатты болса, қорға­нысы да сондай тас қамал. Бірақ, жарыс болған соң төрешінің ысқырығымен жи­налған ұпай санының нәтижесінде жеңім­паз анықталуы тиіс. Сонымен І орын­ды Ж.Тайшиев көшесі тұрғындарынан құ­­рал­ған команда жеңіп алды. Ал ІІ орын­ды №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Мәдениет ауылындағы фи­лиа­лы иеленді. ІІІ орын "Жігер" шаруа қожа­лығының жұмысшыларынан құралған командаға бұйырды. Ерекше ойын көр­сеткен ойыншыға, белсенді командаға және спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан №32 І.Қабылов атын­дағы мектеп-лицейі мен ауылдағы спорт мектебінің ұжымы аудандық партия фи­­лиалының арнайы "Алғыс хаты­мен" марпатталды. Жарыс жеңімпазы – Ж.Тай­ши­ев көшесінің командасына Қан­ша­­гүл Шоң­мұрынқызы өз атынан сыйлық табыс­тады. Шара соңында "Бақытты от­ба­сы" пар­тиялық жобасы аясында ауыл кә­сіп­­кер­лерінің демеушілігімен 3 балаға ве­ло­сипед тарту етті.
Партия тарапынан жүзеге аса бастаған бұл жаңа жобалар ел тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қоса отырып, осындай көпшілік шаралар арқылы халықтың бірлігін нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

Қуат АХЕТОВ


25 ақпан 2020 ж. 369 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930