ҚОС ҚЫЗЫМЫЗ ДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Жуырда Мәдениет ауылындағы №14 Балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Мұхаметқалиқызы Сымбат (68 келі салмақ дәрежесінде) пен Тоғман Айым (59 келі салмақ дәрежесінде) Қызылорда қаласында өткен мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы Бүкілқазақстандық ІХ-шы жазғы Спартакиадада таэквандодан чемпион атанды. Сымбат пен Айым бұл жарыстардың алдында да өздерінің физикалық қабілетімен ерекше көзге түсіп, зор жетістіктерге қол жеткізіп жүр.
Тоғман Айым – Азия біріншілігінің жүлдегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болса, Мұхаметқалиқызы Сымбат – Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері. Қос чемпионның осындай жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне жаттықтырушылары Елдос Нұрмағанбеттің еңбегі зор.
Айта кету керек, бүгінде Мәдениет ауылындағы аталған спорт мектебінен таэквандодан бөлек, қазақ күресі және еркін күрес түрлері бойынша жас спортшылар көптеп шығып жатқаны қуантады.
«ЖЖ» ақпарат.