» » Оқушының ата-анасы вакцина алмаса, бала мектепке бара ала ма – министр жауап берді

Оқушының ата-анасы вакцина алмаса, бала мектепке бара ала ма – министр жауап берді

















Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің вакцина құжатын сатып алуына қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Оқушының ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаса да, бала мектепке барып оқиды. Себебі бұл – баланың құқығы. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

"Біріншіден, баланы мектепке бару құқығынан айыра алмаймыз. Екіншіден, ата-анасы ауырмаса, ауырған адаммен байланыста болмаса, балаға неге мектепке бармасқа? Ата-аналардың статусын да қарап отырамыз. Егер мектепке келген баланың, университетке келген студенттің дене қызуы болса, ата-анасы ауырса, сол сыныптағы баланың індетті жұқтырғаны анықталса, ол бала 14 күн қашықтан оқу форматына ауыстырылады", - деді Аймағамбетов.

Ал балалардың вакцина салдыру-салдырмауын білім және ғылым министрлігі шешпейді.

"Бұл мәселені талқылап жатқан жоқпыз, өйткені ол біздің құзіретімізде емес. Біз білім және ғылым министрлігіміз. Сарапшылар, денсаулық сақтау министрлігі офлайн оқуға құқық беріп отыр. Министрліктің жұмысы – тиісті жағдайды ұйымдастыру", - дейді министр.

Әңгіме барысында "мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің вакцина құжатын сатып алмағанына министрлік кепілдік бере ала ма?" деген сұрақ қойылды.

"Оған кім қай жерде кепілдік береді? Бұл тек білім саласына ғана емес, барлық салаға қатысты мәселе. Біздің жүйеде 500 мың мұғалім бар. Сол 500 мың адамның барлығы вакцинаға қатысты дұрыс шешім қабылдағанына кепілдік бере аласыз ба? Бере алмайсыз. Бұл тұрғыда әріптестеріміздің санасына сенеміз, ұстаз болғаннан кейін мәселені түсінеді деп ойлаймын", - деп жауап берді министр.

Биыл 2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылар дәстүрлі форматта білім алады. Мектепке педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіре алады.

Бірінші қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі салтанатты шара далада өтеді. Мұндай салтанатты жиында бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" табысталады.
25 тамыз 2021 ж. 277 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930