» » Жамбыл облысында жарылыстардан көз жұмғандар саны 13-ке жетті

Жамбыл облысында жарылыстардан көз жұмғандар саны 13-ке жетті

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстардан көз жұмғандар саны 13-ке жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жаңдай министрлігіне сілтеме беріп хабарлайды.


Көз жұмған 13-азаматтың кім екені әлі анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылыстары орын алды. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.
Осыған дейін мерт болғандар 12 адам жайлы ақпарат берілген еді

Бұған қоса, 50-ге жуық ТЖМ құтқарушылары өртпен күрес барысында зардап шеккен. 

Бұған дейін қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар екендігі хабарланған болатын.

1. Темірболатов Артур Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

3. Микропуло Александр Николаевич - жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

5. Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары;

Апаттан кейін ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді. 

Ел президентінің бастамасымен 29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
28 тамыз 2021 ж. 237 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930