Күзде Қызылордадан 800-ге жуық азамат әскер қатарына алынбақ
Бүгінде 18-27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке жарамды азаматтар еліміздің Қарулы Күштерінде және басқа да әскери құралымдарында отан алдындағы борыштарын өтеуге шақырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары– жасақтау басқармасының бастығы, подполковник Дмитрий Жерегя мәлімдеді.
Екінші жыл қатарынан әскерге шақыру науқаны пандемия жағдайында өтіп жатыр. Осыған байланысты биылғы жылы да әрбір әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету жаңа тәсілмен жүргізілуде. Күзгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап осы жылдың соңына дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады.

«Денсаулығы мықты,сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімдерде борыштарын өтейтін болады. Пандемияға байланысты алдын алу шаралары толықтай қолға алынған. Сондай-ақ, әскерге шақырылушы азаматтар әскери бөлімдерге келген кезде арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, әскерге баратындар кез келген әскери бөлімде екпе салдыра алады. Сыр елінің азаматтары Отан алдындағы борыштарын өтеуге белсенділік танытуда. Жоғары білімі бар азаматтар өздерінің жақсы қырынан көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.», – деді Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Дмитрий Жерегя.