» » Оқушы қыздарға мектепте орамал тағуға рұқсат берілді

Оқушы қыздарға мектепте орамал тағуға рұқсат берілді



Өзбекстанда оқушы қыздарға ақ не ашық түсті орамал тағуға және тақия киюге рұқсат берілді, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, бұл туралы өзбек білім министрі Шерзод Шерматов 4 қыркүйек күні болған ашық диалог кезінде айтқан.

«Көптеген ата-ананың өтінішін ескере отырып, қыздарымызға осы оқу жылынан бастап мектепте ақ немесе ашық түсті ұлттық орамал тағып, тақия киіп жүруге рұқсат етпекпіз»,  деді Өзбекстан білім министрі.

Министрдің айтуынша, қыздарға жағасы ұзын көйлек киюге де рұқсат берілмек. 

Өзбекстан министрлер кабинетінің 2018 жылғы 15 тамыздағы қаулысының («Мемлекеттік орта мектеп оқушыларын заманауи мектеп формасымен қамтамасыз ету туралы») 7-тармағына сәйкес, оқу орны ішінде оқушылар бас киімінсіз жүруі тиіс.

Кезінде бұл қаулының қабылдануы дін жолын ұстанатын ата-аналардың наразылығын тудырған.

Айта кетейік, Өзбекстанда жаңа оқу жылы бүгін басталады.
06 қыркүйек 2021 ж. 160 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 717

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031