Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

Шараға мектеп түлектерінен басқа, олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бір өкілі, мектеп оқытушылары құрамынан артық дегенде 6 адам қатыса алады.
Аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады. Шараға қатысушылар бетперде тағып, 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында 3,4 млн бала мектепте білім алды. Оның 264 мыңнан астамы 9-сынып түлегі, 154 мыңнан астамы 11-сынып түлегі.