Қызылордада 105 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғыны ұсталды
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі еккендерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуде.
Қала аумағына қарасты орталықтарда рейд жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатып және тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты «Қарасора–2021»жедел профилактикалық іс – шарасын жүргізуде.
Мәселен ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген 62 жастағы қала тұрғынын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктінің ауласынан 105 түп сора өсімдігін тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптер 141,853 гр сора есірткісі болып шықты.
«Аталған жәйтсотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2 – бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.