Бүгін – Елордадағы жәрмеңкенің екінші күні
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыры» сауда орталығының жанында Қызылорда облысының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі бүгін де жалғасын тапты.
Жәрмеңкеде 70-ке жуық Сырдың диқандары мен кәсіпорындары 40 жүк автокөліктермен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынуда.
Арқа төріндегі тұрғындар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызынан дәм татуда.
Ауқымды шараға аймақтағы барлық аудан шаруалары үлес қосты.

– Қызылорданың жәрмеңкесін жылда асыға күтеміз. Биыл да жәрмеңке жақсы болды. Аралдың балығы, Қызылорданың етін қалағанымызша алдық, – дейді астаналық Света Балқыбаева.
Ауқымды шараға аймақтағы барлық аудан шаруалары үлес қосты.
-Жәрмеңкеге Шиелі ауданынан 79 тонна әртүрлі ауылшаруашылығы өнімдерін әкелдік. Қызанақ, қияр, асқабақ секілді халық көп тұтынатын көкөністермен қатар, «Шиелі шұжық» өнімдерін де саудаға шығардық. Сондай-ақ, қауынқақ секілді елдің дәмін де әкелдік. Бүгін жәрмеңкенің екінші күні. Халық та, шаруашылық өкілдері де риза, – деді Шиелі аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.