» » "Балаларға екпе салынады": Қызылорда облысында оқушылардың тізімін "тым ерте" жасатқан басшы жазаланды

"Балаларға екпе салынады": Қызылорда облысында оқушылардың тізімін "тым ерте" жасатқан басшы жазаланды

Қызылорда облысының Жалағаш аудандық білім беру бөлімі таратқан ресми хат жұртты шулатқан болатын. Ол жерде 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу туралы айтылып, оқушылардың тізімін жасауға тапсырма берілгені айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ресми хат ата-аналар чаттарында жылдам тарап кетіп, ел дүрліккен. Халық бұл бастаманы балаларды мәжбүрлі вакциналау деп қабылдады. Осыған байланысты наразылық та күшейді.

"Аудандық білім бөлімі санитарлық эпидемиологиялық орталығының 07.09.2021 жылғы №2216 санды хатына сәйкес 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жоспарланғандығын хабарлайды. Осыған орай сізден екпе жұмыстарына байланысты төмендегі кестеге сәйкес толық мәліметті осы жылдың 9 қыркүйегіне дейін білім бөліміне жолдауды тапсырады", - делінген ресми хабарламада. 

Облыстық білім басқармасы аудандық бөлімнің бұл бастамасын тоқтатып, Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысына "тым ерте қимылдағаны үшін" сөгіс жарияланды.

"Біздің заңнамамызға сәйкес, елімізде 18 жасқа дейінгі кез келген вакциналау ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі. Осыған байланысты білім басқармасы Жалағаш аудандық білім бөлімінің 12 жастан асқан балалардың тізімін жасауға қатысты бастамасын тоқтатты. Облыста басқа білім беру ұйымдарында ондай деректер жиналып жатқан жоқ", - деді басқарма басшысы Ақзира Қасымова арнайы брифингте.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдікәрімованың айтуынша, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

"Оған қоса, елімізге жүкті әйелдер мен балаларға егуге болатын Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеді", - дейді ол.

14 қыркүйек 2021 ж. 1 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930